Маңғыстау облысының тұрғыны үйінің ауласында есірткі өсірген
Сурет: polisia.kz
48 жастағы тұрғынының үй ауласынан көкөністермен бірге өсіп тұрған есірткіге ұқсас 27 шөп тектес өсімдік және автокөлік гаражының ішінен кептірілген есірткіге ұқсас 10 шөп тектес өсімдік табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнеу ауданының 48 жастағы тұрғынының үй ауласынан көкөністермен бірге өсіп тұрған есірткіге ұқсас 27 шөп тектес өсімдік және автокөлік гаражының ішінен кептірілген есірткіге ұқсас 10 шөп тектес өсімдік, сонымен қатар ауладағы моншаның ішінен бір есірткі қолдануға арналған кесілген бөтелке, екі қағазға оралған өткір иісті марихуана есірткісіне ұқсас затты тәркілеп алды.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен тіркелді. Тергеп-тексеру жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript