Алаяқтар бизнеске қысым көрсетіп, ақша бопсалаған
Сурет: pixabay
Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар өздерін бақылаушы орган қызметкерлері ретінде таныстырған.
Нақтырақ айтқанда төтенше жағдай мамандарының атын жамылып бизнес иелерін айыппұл салып және тексеру жүргізіп қорқытқан, деп жазады qazaqstan.tv.
Кәсіпкерлерді өртке қарсы қауіпсіздік шаралары үшін төлем жасауға мәжбүрлеген. Бұл ретте елде шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге келер жылға дейін мораторий жарияланғаны белгілі.
Бүгінде осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардан 24 адамның жәбір көргені анықталды.
Сондай-ақ қылмыс жасады деген күдікпен үш адам ұсталып, қамауға алынды. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript