Мәдениет және өнер саласындағы төрт ЖОО оқытушыларының еңбекақысы артты
2025 жылға дейінгі Халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының лауазымдық еңбекақыларының белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін ұлғайту (1,75-тен 3,5-ке дейін) көзделген.
Қаулы төрт шығармашылық жоғары оқу орнына қатысты:
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы,
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы,
Қазақ ұлттық өнер университеті
Қазақ ұлттық хореография академиясы.
Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан қатынастарға қатысты қолданылады, сондықтан осы жылдың өткен айларының еңбекақысы бойынша қайта есептеу жүргізілетін болады.