Жаңалықтар тізбегі
0

Неліктен солақайлар спортта жоғары бағаланады?

теннис Сурет: parimatch
Жақында Халықаралық солақайлар күні, демек, осы бірегей ерекшелігі бар спортшылардың лайық бағасын берудің уақыты жетті. Кәсіби спортта солақайларды не себепті бағалайтынын білгіңіз келсе, оқыңыз.

Статистикаға сәйкес, әлем халқының шамамен 10%-ы сол қолын басым түрде пайдаланады. Бұл дамудың ерте кезеңдерінде балаларды мәжбүрлі түрде оң қолына үйрету және амбидекстердің кездесуі сияқты факторларды ескермегендегі шындыққа барынша жанасатын көрсеткіш. Осындай топтастыру спортта да бар, бұл солақайларды кез келген команданың құнды мүшесіне айналдырады.

Бұл құбылысты оңай түсіндіруге болады. Солақай адамдар үнемі оңқайлармен бірге жаттығады, бұл олардың қимылдарын, ойын стилі мен ойлауын түсінуге көмектеседі. Бірнеше секунд ішінде шешім қабылдауды талап ететін динамикалық спорт түрлерінде қарсыластың реакциясын болжай білу жеңіс үшін маңызды болуы мүмкін. Оңқайлар солақайлардың сирек кездесуіне байланысты олардың дағдыларын тең игере алмайды және бейімделу үшін көп уақытты жұмсары белгілі.

Зерттеулер көрсеткендей, жоғары жылдамдықпен өтетін үстел теннисі және бейсбол сияқты спорт түрлерінде солақайлардың саны элиталық деңгейде 30,39%-ға жетеді. Бұл теорияны статистика да растайды: солақайлар бейсбол лигасының негізгі ойыншыларының үштен бірін, жоғары дәрежелі боксшылардың 20%-ын және әлемдегі ең жақсы семсерлесушілердің 20-25%-ын құрайды. Уақыт тұрғысынан стресс аз болатын спорт түрлерінде артықшылық тек 8,7% жетеді.

Егер өз ерекшеліктерін шебер қолданса, солақай адамдар үлкен жетістіктерге жетеді деп сенімді түрде айта аламыз. Спорт тарихындағы әлемге әйгілі есімдердің бірі соларға тиесілі: Лионель Месси, Рафаэль Надаль, Уэйн Грецки, Мэнни Пакьяо, Бэйб Рут, Диего Марадона, Пеле, ЛеБрон Джеймс және басқалар.

Сол білегіңіздің күшін тексеріп көріңіз! Parimatch-тың "Экспресті сол қолмен-ақ жасаңыз" акциясына қатысып,  iPhone 13 Pro Max ұтып алыңыз, сондай-ақ 800 000 теңгені құрайтын жүлде қорынан бонустар алып үлгеріңіз.

Акцияға қатысу

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз