Алып китті құтқаруға 80 адам жұмылдырылды
Сурет: pixabay
Францияның Сена өзеніне теңізден ауып барған белуга китін құтқаруға 80 адам жұмылдырылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның ұзындығы төрт мерт, салмағы 800 келі тартады. Алып жануарды өзеннен көтеріп, баржаға тиеу үшін алты сағат уақыт кеткен.
Оны тоңазытқышы бар жүк машинасы енді жағалауға жеткізуі керек. Ал ашық теңізге жібермес бұрын ветеринарлар китті бірнеше күн бойы емдемек, деп жазады qazaqstan.tv.
Белуга өзінің тіршілік ету ортасынан неліктен осынша ұзап, оңтүстікке жеткені әзірге белгісіз.
Зерттеушілердің айтуынша әдетте Арктикада кездесетін мұндай киттер күзде ғана азық іздеп түскейге кетеді екен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript