Қостанайдағы өзенге жақын 80 үйді су басуы мүмкін

Қостанай қаласында Тобыл өзеніне жақын орналасқан 80 үйге тасқын кезінде су басу қаупі төніп тұр.
Былтыр көктемде "Колесные ряды" деп аталатын бұл көше түгел су астында қалған. Соның салдарынан 110 үй апатты жағдайда деп танылып, тұрғындары қауіпсіз жердегі баспаналармен қамтылды. Жартылай бүлінген 80 үй жөндеуден өткен.
Алайда былтырғы жағдай тағы қайталануы мүмкін. Сондықтан қала әкімдігі тұрғындарға басқа орыннан баспана сатып алуға қаржы бермекші, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұл мақсатқа 1,5 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Жергілікті жұрт ақшаны жайлы баспана сатып алуға жеткілікті етіп бөлсе дейді.
"Нарықтағы бағаны біз де бақылап отырмыз. Менікіндей 1960-шы жылдары салынған, 5-6 сотық жерімен, жөнделген үй болса, тіпті 55 миллионға кетіп қалады. Сондықтан өтемақы да осы көлемде берілуі тиіс." Олег Демиденко, Қостанай қаласының тұрғыны
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript