Еуропадағы газдың бағасы мың текше метріне 2800 доллардан асты

Лондондық ICE биржасының мәліметі бойынша, газ фьючерстерінің есеп айырысу бағасы 1000 текше метр үшін 2 861,6 доллар деңгейінен асып түсті және осылайша 1996 жылдан бері тарихи максимумға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қыркүйек фьючерстері 2 766,5 долларға ашылды, бұл алдыңғы сауда күніндегі есеп айырысу бағасынан 9%-ға жоғары. Нұр-Сұлтан уақытымен 12:16-да олар 12,7%-ға өсіп, 2862 долларды құрады.
Ресейлік сарапшылар газ бағасының қымбаттауын «Газпромның» «Солтүстік ағын 1» желісін жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтату туралы мәлімдемесімен байланыстырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript