Басынан кірпішпен ұрған: Павлодар полициясы қызға шабуылдаған адамды іздеуде
Сурет: видеодан скриншот
23 тамызда сағат 15.30-да Павлодар қаласының Орталық полиция бөліміне 20 жастағы павлодарлық хабарласып, белгісіз ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 тамызда сағат 01.10 шамасында Павлодар қаласының тұрғыны танысына қонаққа таксимен келгені анықталды.
Подъезге келе жатып, қыз оған белгісіз ер адамның артынан жүгіргенін байқады. Есікті ашқан кезде ер адам басына кірпішпен бірнеше соққы жасады.
Зардап шеккен адам ауруханаға 21 тамыз күні түстен кейін келіп, “бас миының шайқалуы” диагнозы қойылды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызудан бас тартты. Алайда қыз полицияға 23 тамызда ғана жүгінді.
Аталған фактіге сәйкес, бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған адамның жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Полиция павлодарлықтарға егер осы адамды біреу білсе, 102 телефоны бойынша хабарлауды өтінді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript