Қызметтік ит көлік орындығына жасырылған есірткіні тапты
Polisia.kz таратқан мәліметке сай, Шу алқабында каннабис тобындағы есірткілерді дайындау және шығарумен айналысатын қылмыстық топтарды анықтау, сондай-ақ героиннің транзиттік арналарын жоюға бағытталған “Қарасора” республикалық арнайы операциясында есірткіні іздеуге үйретілген 140 іздеу иті жұмылдырылған Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев түсіндіргендей, “Қарасора” ІІМ-мен жыл сайын маусым-қазан айларында өткізіледі.
Оны жүзеге асыруға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылады, оңтүстік өңірлерде әуе барлауы жүргізіледі, аэроғарыш арқылы түсіру мүмкіндіктері тартылады.
Арнайы іс-шараның үш айында олардың көмегімен 110 есірткі қылмысы анықталды. 926 келі есірткі заттары тәркіленді: 919 келі марихуана, 6 келі гашиш және 1 келі синтетикалық есірткі.
Осылайша Жамбыл облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері жолдарды патрульдеу бойынша арнайы операция аясында құрылған мобильді топпен бірлесіп, жоспарлы тексеру жүргізу үшін Алматы қаласының 46 жастағы тұрғыны басқарған автокөлікті тоқтатты.
Автокөлікті тексеру барысында Барон іздеу иті артқы орындықтың астында есірткі затының барын көрсетті. Оны алу үшін полицейлерге орындықты бұзуға тура келді, содан кейін ғана 600 грамм гашиш салынған бума табылды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды