Алматыда Розыбакиев көшесінің бөлігі жабылады

Жол жұмыстарын жүргізуге байланысты Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы Алматы Қалалық мобилділік басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9 қыркүйек сағ. 22.00 мен 10 қыркүйек сағ. 06.00 аралығында Розыбакиев көшесінің Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша толық шектеледі.
Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript