Жамбылдық полицейлер 100 тоннадан астам жабайы қарасораны жойды

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі заттарын жою жөніндегі жергілікті комиссия құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, “Қарасора-2022” және “Дәрмек” республикалық жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 30 гектар құмды алқабы аумағында 28 тонна 200 келі жабайы сораны шауып, оны өртеу арқылы жойды.
Жалпы профилактикалық іс-шара басталғалы 212 гектар аумақта өскен 107 тонна 930 келі жабайы қарасора жойылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript