Қазақстан орталық сайлау комиссиясы: әзірге ешкім кандидатурасын ұсынған жоқ
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы ведомствода өткен брифингте 26 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР президентіне кандидаттар әлі тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Президенттікке кандидаттарды ұсыну рәсімі 23 қыркүйекте басталды. ҚР президентін кезектен тыс сайлау 20 қарашада өтеді.
Әлі ешкім кандидатурасын ұсынған жоқ, қоғамдық бірлестіктердің ешқайсысы әлі съезі мен конференцияларын өткізген жоқ. Қазақстан Республикасы ОСК хатшысы Мұхтар Ерман
Парламенттік партиялардың өкілдері әлі күнге дейін неліктен кандидат ұсынбағандарын түсіндірді.
Үміткерді ұсынбас бұрын, біз съезд өткізуіміз керек, бірақ, партиямыздың басшысы атап өткендей, қазіргі президент өз кандидатурасын ұсынса, біз оны қолдаймыз. "Қазақстан халық партиясының" өкілі
"Ауыл" партиясының өкілі де осы сұрақ жөнінде пікірін білдірді.
Президенттікке кандидат ұсыну партияның жоғары органы – съездің құзырында. Съезд әлі өткен жоқ. Бұл кезектен тыс съезд болуы керек болғандықтан, бір-екі күнде барлығын жасау мүмкін емес, бұл біраз дайындықты қажет етеді. Съезд қашан өтетінін хабарлаймыз. Президиум съезд өтетіні туралы хабарлайды. Президиум әлі өткен жоқ, осы аптада өтуі керек. Бұл съезде тек президенттікке кандидат ұсыну мәселесі ғана емес, сайлауға қатысу және қатыспау мәселесі де талқыланады. "Ауыл" партиясының өкілі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript