Ақтаулық полицейлер ер адамды қорлап, 8 млн теңге бопсалаған күдіктілерді ұстады

Алаяқтар қолға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 15:18 Сурет: Zakon.kz
Қылмыстық топ 4 адамнан тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, олар жәбірленушіні алдап жалдамалы пәтерге әкелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол жерде электрошокер, дубинка және пышақпен қинаған. Күдіктілер барлық әрекетін смартфон камерасына түсіріп отырған. Жедел-іздестіру және құрықтау шарасы ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесе өткізілді.

Белгілі болғандай, топ мүшелері деструктивті діни ағымның өкілдері екен.

Осы дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2 бап бойынша тіркелді. Жәбірленушіден ақша бопсалап, заңсыз бас бостандығынан айырған күдіктілерге қылмыстық іс қозғалды. Топ мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әйгерім Ибатуллаева, ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің басшысы
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: