Синоптиктер 11 қазанда қай өңірде найзағайлы жаңбыр жауатынын айтты
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 11 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды.
Тек еліміздің батыс облыстарының ауа райын Қара теңізден келетін циклон анықтайды. Соның ықпалынан найзағай ойнайды."Қазгидромет" РМК.
Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады.
Түркістан облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 16-18 жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 22-24 жылы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript