Қазақстандықтар қазақ тіліне қатысты пікірі үшін Chocofamily басшысын сынға алды
Интернетте Мухоряпов бір қыздың сөзіне түсініктеме берген видео белсенді түрде таралуда. Оның айтуынша, егер Қазақстанда орыстарға қазақ тілінде жауап берілсе, бұл агрессияның көрінісі емес. Алайда кәсіпкер бұл «үлкен мәдениеттен емес» дейді.
Түскен сынның нәтижесінде Мухоряпов қазақ тілін құрметтейтінін айтты.
Қазақстан менің Отаным. Менің сөздерімді дұрыс түсінбегендеріңізді қаламаймын. Мен кез келген қудалауға, қысымға қарсымын», - делінген оның жазбасында.
Сондай-ақ ол «достық таныпауу, қонақжайлылық көрсетпеу және көмектеспеу, бағаны көтеру дұрыс емес» деп атап өтті.
Бұл келгендерге ғана емес, жерлестерге де қатысты. Рамиль Мухоряпов
Оған қоса, Мухоряповтың айтуынша, Қазақстанға әр елдің ақылды, озық жігіттері келсе, керемет үрдіс.
Тіл туралы – қонағың көмек сұраса, ал сіз орыс тілін білмей, қазақша жауап беріп көмектесуге тырыссаңыз, сіз жақсы азаматсыз және елдің нағыз қонақжай тұрғынысыз. Ал орыс тілін біліп, жай ғана мазақ етсеңіз, қазақша арнайы жауап беріп, ол сіздің жан дүниеңізде нағыз қазақы қонақжайлық жоқ дегенді білдіреді», - деп түйіндеді ол.