Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі

Ауа райы өзгереді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 16:00 Сурет: pixabay
2022 жылғы 22 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, соған байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында және солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, солтүстік және солтүстік-батысында қатты жауын-шашын мен қар жауады.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстікте желдің күшеюі, республиканың орталығында тұман күтіледі, делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер 2022 жылдың 22-24 қазанында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан болатын. Болжам бойынша, еліміздің оңтүстік және шығыс аймақтарында күн күрт суытады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: