Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру құны төмендеп келеді

Жалға берілетін баспана, баспананы жалға беру ақысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2022 09:38 Сурет: pexels
Елімізде баспананы жалға беру бағасы біртіндеп төмендеп келе жатқаны байқалады. Теріс динамика қазан айының ортасында басталды, содан бері бағалар орта есеппен 20%-ға төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазанның алғашқы екі аптасында тарифтер барынша өсті, деп жазды "Крыша". Баға көбінде Қазақстанның шекаралас қалаларында кеміген:

  • Петропавлда – 41%;

  • Ақтөбеде – 36%;

  • Павлодар мен Оралда – 32%.

Астанада пәтер жалдау ақысы 22 пайыздай, Алматыда 11 пайыздай дерлік төмендеді.

Ал қарбаласқа дейінгі кезеңде (1 қыркүйек) жалға беру ақысы орташа есеппен 25% жоғары күйінде қалып отыр.

Бүгін Астана мен Алматыда пәтерді жалға алу құны қыркүйек айымен салыстырғанда, сәйкесінше 28% және 33% дерлік жоғары.

Аптадағы, яғни 27 қазан – 3 қарашадағы өзгерістерге келетін болсақ, барлық дерлік қалаларда теріс үрдіс байқалды: Алматыда 3,6%, Астанада 4,6%. Ең жоғарысы Ақтөбе қаласында (-8,6%). Орта есеппен жалдау ақысы 3,8% төмендеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: