Меркі тұрғынынан 60 келiге жуық марихуана тәркіленді

Есірткі тасығандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2022 15:17 Сурет: Polisia.kz
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру барысында Меркі ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталған адамның тұрғылықты жерін тінту кезінде үйдің шатырында жалпы салмағы 57 келіден асатын “кептірілген марихуана” есірткі затының 10 қапшығы табылып, тәркіленді, деп жазады polisia.kz.

Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады. Ол Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: