Түркістан, Алматы облыстарының таулы аймақтарында қатты жауын болады
Сурет: unsplash
21 қарашада Түркістан, Алматы облыстарының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар жауады.
"Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын жауады. Солтүстікте, шығыста, ал орталықта қар жауады"."Қазгидромет" РМК
Сонымен қатар синоптиктер республикада тұман, көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі, шығыста, орталықта төмен қарлы боран болжанғанын хабарлады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жариялаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript