Еліміздің кейбір өңірінде қатты жауын-шашын болады

Қазақстан, ауа райы болжамы, наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 13:38 Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылғы 16-18 наурыз аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Болжам бойынша, Қазақстанның шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы үш күнде еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысымға байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады.

"Республиканың орталығында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, негізінен қар болжанады. 16 наурызда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында, 17-18 наурызда шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді ", – дейді синоптиктер.

Республика бойынша тұман түседі.

"Температуралық фонға келетін болсақ, мұнда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін біртіндеп төмендейді"."Қазгидромет" РМК

15 наурыз күні БҚО, СҚО, Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: