Тянь-Шань қоңыр аюы қысқы ұйқыға кетті

Қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 13:10 Сурет: pixabay
Жыл басынан бері олар Алматы қорығындағы фототұзаққа 15 рет түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазан-қараша айларында тау басына қалың қар түскен уақытта тянь-шань қоңыр аюлары қысқы ұйқыға кетеді. Оның ұзақтығы 4-5 айды құрайды, ал аналықтары мен қонжықтары бір айға ұзақ ұйықтайды.

Жабайы аңдардың іздері, олардың ағаш пен тастарға қалдырған белгілері кездесдескен жерлерге қорықтың ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары фототұзақ орнатады.

Орнатылған фототұзақтарға 2022 жылдың басынан бері Тянь-шань қоңыр аюлары 15 рет түскен. Жырқыш аң барлық ірі шатқалдарда теңіз деңгейінен 1200-2800 метр биіктікте аралас және қылқан жапырақты ормандарда мекен етеді. Алайда, былтырғы жылы 3470 метр биіктікте жүргені фототұзаққа іліккен болатын.

Ағымдағы жылғы күзгі санаққа сәйкес Алматы қорығы аумағында 26 тянь-шань қоңыр аюы бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: