Тянь-Шань қоңыр аюы Текелі маңында видеоға түсіп қалған

Тянь-Шань аюының қожығы фототұзаққа түсіп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 11:53 Сурет: pexels
Көлемі мен ширақтығына қарағанда, бұл петундар деп аталатын бір жасар аюдың қонжығы болуы мүмкін. Оны Текелі қаласының маңында байқап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тянь-Шань қоңыр аюы барлық азық түрін жейді. Ол әртүрлі тамырлармен, жидектермен (тіпті құрғақ болса да), шөптермен, өсімдік пияздарымен қоректенеді, ал жазда жеміс-жидек жегенді ұнатады. Кейде оның жеміне суырлар, ұсақ кеміргіштер, тіпті жәндіктер де айналады. Дегенмен, қоңыр Тянь-Шань аюы ақуыз тағамынан гөрі өсімдік тағамдарын жақсы көреді.

Тянь-Шань аюының басты ерекшелігі - алдыңғы табанының ұзын ақшыл тырнақтары, ал артқы табандарында тырнағы қою қоңыр келеді. Ол аюлар арасында ең бейбіт түрлердің біріне жатады, бірақ жақын қарым-қатынастан аулақ болған жөн. Әсіресе қазір, қысқы ұйқыдан оянып, қорек іздеген кезде. Ал ана аю баласын жалғыз алысқа жібермейді. Егер ол қонжығына қауіп төнетінін сезсе, агрессивті болуы мүмкін.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: