Жапонияда қатты боран соғып, 8 адам қаза тапты

Бораннан адамдар қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2022 14:01 Сурет: pixabay
Жапонияның солтүстігі мен батысында алапат боран соғып, 8 адам қаза тапты. Тағы ондаған тұрғын жараланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған орай, елдің метеорологиялық қызметі миллиондаған адамға сақ болуды ескертіп, аса қажет емес жағдайда жолға шықпауға кеңес берді. Және де көлік апаты көбейіп, талай үй жарықсыз қалуы мүмкін.

«NHK» телекомпаниясының хабарлауынша, Хоккайдо аралына түскен қардың қалыңдығы 1 метр 60 сантиметрге жеткен.

Сондықтан осы аймақтың астанасы Саппоро қаласының теміржол вокзалы пойыздарды сапарға аттандыруды уақытша доғаратынын жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: