24 желтоқсанда Астанада және бірқатар облыста бұрқасын, тұман, көктайғақ болады
"Қазгидромет РМК мәліметінше, республика аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс облыстарында ғана атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен бұрқасын болжанды", – делінген хабарламада.
Республикада, болжам бойынша, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста қарлы боран, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында тұман, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болады.
24 желтоқсанға арналған дауылды ескерту
Астанада жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде 15-20 м/с болады.
Түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, бұрқасын соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с, күндіз солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда түнде жаяу бұрқасын, күндіз жолдарда көктайғақ болжанды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде 15 м/с болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, асуларда екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аймақтарын тұман басады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, солтүстікте, шығыста, облыстың таулы аймақтарында желдің күші 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстігінде жауя бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болжанды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Қостанайда түнде және таңертең жаяу бұрқасын болжанжы. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстікте, облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады деп болжанды. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстікте, батыста, шығыста бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігі мен батысында екпіні 23-28 м/с, күндіз солтүстікте, батыста, шығыста екпіні 15-20 м/с болады. Петропавлда жаяу бұрқасын соғады. Күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан еіпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.