29 желтоқсандағы түскі саудада доллар аздап төмендеді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,53 теңгеге төмендеп, 460,98 теңгені құрағанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 66,06 теңгені (+0,06) құрады.
Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 490,52 теңге, рубльді 6,49 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 463-467 теңгеден, еуро 489-495 теңгеден, ресей рублі 6-6,5 теңгеден сатылуда.
Ал, 29 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің құны 0,14%-ға арзандап, барреліне 83,14 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,35%-ға төмендеп, барреліне $78,68 құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript