Жамбыл облысындағы жарықтың сөну себебі белгілі болды

Жамбыл облысында жарық өшті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 10:05 Сурет: pxhere
4 қаңтарда «KEGOC» АҚ Жамбыл облысындағы жарықтың сөну себебін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпорынның мәліметінше, 3 қаңтарда Жамбыл облысында 30 м/с-қа дейін соққан дауылды жел мен көктайғақ түріндегі жауын-шашын салдарынан «Опорная» қосалқы стансасын (KEGOC» АҚ теңгеріміндегі) электрмен қамтамасыз ететін 220 кВ әуе желілері үзілген. Автоматты қорғаныс арқылы ажыратылды.

Компанияда атап өткендей, әуе желілерін тексеруді «KEGOC» АҚ-ның қажетті құрал-жабдықтармен және материалдармен жабдықталған жедел топтары жұмылды.


"Түнгі тексеру нәтижесінде құлаған тіректер, сынықтар мен сымның зақымдануы анықталды. 4 қаңтар күні сағат 03:36-да бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бастады". «KEGOC» АҚ баспасөз қызметі

3 қаңтарда Жаңатас қаласында Сарысу ауданы әкімінің қаулысымен дауылды желдің болуына байланысты табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірде екпіні 30 м/с болатын қатты жел соғуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: