Алматыда көшелердің біріндегі қозғалыс кестесі өзгереді

Алматыда бір көшенің қозғалысы өзгереді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 14:12 Cурет: unsplash
Алматы Қалалық мобилділік басқармасы Рысқұлов даңғылында жол қозғалысы сызбасының өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Көлік ағынын өткізу қабілетін арттыру мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында 2023 жылғы 5 қаңтардан бастап эксперименталды түрде Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында Рысқұлов даңғылынан батыс және шығыс бағытта солға бұрылуға тыйым салынады", - делінген Алматы Қалалық мобилділік басқармасы хабарламасында.

2023 жылғы 1 наурызға дейін мамандар аталған аумақтың, бағдаршам нысандары мен бұрылу орындарының көлік өткізу қабілетіне талдау жасап, оның нәтижесіне сәйкес шешім қабылдайды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: