Жаңалықтар тізбегі
0

Тараздық оқушылар қар күреп жүрген жұмысшыларға бауырсақ пен шай таратып жүр

Тараздық оқушылар қар күреп жүрген жұмысшыларға, ыстық бауырсақ пен шай таратып жүр, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 01:27 Сурет: видео скрині
Таразда мектеп оқушылары қар күреп жүрген жұмысшыларға ыстық бауырсақ пен шай, түрлі тәтті таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, акцияны бірнеше күн бұрын №56 мектептің волонтерлері бастаған. Іле-шала қалған білім ошақтары жалғастырып жатыр. Оқушылар қолдан келгенше қар күреп, қолғабыс етіп жүр.

Бір апта бұрын Таразда қалың қар жауып, аяз күшейген еді. Мұндай сәтте коммуналдық қызметшілердің жұмысы көбейетіні белгілі. Тараз көшелерін күнделікті 300-ге жуық жұмысшы тазалайды. Олар күннің суығына қарамастан қоғамдық орындарды тазалап, автобус аялдамаларындағы мұзды ояды. Оқушылардың айтуынша, олардың бұл еңбегі қандай құрметке лайық.

"Мұндай сауапты істі біз Қазақстандағы барлық өңірге жолдағымыз келеді. Себебі бұл –  игі іс, сонымен қатар сауапты іс. Үлкен кісілерге көмек беруді дұрыс нәрсе деп ойлаймын". Оқушы Арайлым Орынбасар

"Жасыл-Ел Тараз" жұмысшысы Гүлзипа Көпбаева балалардың көмектесіп келгеніне қуанып қалыпты.

"Апасындай, немереміз болып, соған қуанып отырмыз. Балаларымыздың ниеті жақсы екен. Болашағы зор болсын", - дейді Гүлзипа Көпбаева.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: