19 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 19 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанда жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Тек күндіз республиканың шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен аздаған қар жауады, республиканың оңтүстігінде жел күшейеді, тұман түседі.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -25-27°С, күндіз -12-14°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -14-16°С, күндіз -3-5°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13°С, күндіз -1+1°С.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript