Қазақстанда крещение мерекесі уақытында суға шомылатын 250 орын анықталды

Крещение кезінде суға түсуге болатын орындар анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 09:30 Сурет: pixabay
Православиялықтар 18-19 қаңтарда діни мерекені - Крещение Господне рәсімін тойлайды. Қауіпсіздік шараларын ұстанып шомылу үшін жазғы маусымда суға түсуге ресми бөлінген 250 орын белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барлық орындар әкімдіктер мен облыстық төтенше жағдайлар департаменттерінің ресми сайттарында көрсетілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл орындарда тұтқалармен, баспалдақтармен және басқа да қауіпсіздік элементтерімен қамтамасыз етілген 259 орын жабдықталған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, шомылу орындарында полиция, дәрігерлер мен құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылады.

Төтенше жағдайлар департаменті, полиция басқармалары мен әкімдіктердің қызметкерлері – 3 мыңға жуық адам мен 1 мың дана техника қасиетті суға жаппай шомылу діни рәсімі кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: