Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда жылу бойынша әлі де шағым түсетін үйлер анықталды

Жылу жоқ әлі үйлерде, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2023 17:41 Сурет: Zakon.kz
Қала әкімі жылу желілеріндегі қазіргі ақаулар қай уақытта жойылатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин шаһардағы жағдай туралы баяндады, деп жазады Pavlodarnews.kz.

20 қаңтардағы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр. 4 қазандықта ағымдағы жөндеу жүргізілуде. №6 қазандықта жұмысты бүгінгі күннің соңында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. №11 қазандықта ертең кешке аяқталады. Ал, №7 қазандықта кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстар наурыз айына дейін көзделіп отыр, – деді Аян Бейсекин.

Қала басшысының айтуынша, жыл басынан бері жылу желілерінде 154 ақау анықталған. Бүгінде 131 зақым жойылды, 23 зақым бойынша жұмыс жасалуда.

Осы 23 ақау бойынша жөндеу жұмыстарын 10 күн ішінде аяқтаймыз деп отырмыз. Бірақ жылу желілері ескіргендіктен күнделікті ақаулар анықталуда. Сондықтан жұмыстар жалғасатын болады, – деді Аян Бексекин.

Сондай-ақ қалада 26 көп пәтерлі үйден шағымдар әлі келіп түсуде. Үйлердің мекенжайлары анықталған. 13 үйде комиссиялық зерттеу толық жүргізілді.


Негізінен үйлердің жылытылмау себебі – үй ішіндегі жылумен жабдықтау желілеріне байланысты. Сондықтан ПИК-термен бірге шешу жолдарын анықтап жатырмыз, – деді қала әкімі.

20 қаңтар күні қалада 7 учаскеде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Осыған байланысты 191 жеке тұрғын үй, 2 көпқабатты үй, 1 заңды мекеме бүгін кешкі сағат 5-6-ға дейін жылудан ажыратылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: