Шымкентте арақ-шарап әзірлейтін 12 топтың әрекеті әшкереленді
Сурет: pexels
Тексеру кезінде олардан 4 мың тоннадан астам спирт, есепке алу-бақылау маркасы мен шөлмектердің аузын жабуға арналған құрал-жабдықтар тәркіленген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкентте соңғы бір жылда заңсыз жолмен арақ-шарап әзірлейтін 12 топтың әрекеті әшкереленді. Тексеру кезінде олардан 4 мың тоннадан астам спирт, есепке алу-бақылау маркасы мен шөлмектердің аузын жабуға арналған құрал-жабдықтар тәркіленген, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Экономкиалық тергеп тексеру департаменті қызметкерлерінің тексерісі нәтижесінде көлеңкелі бизнеспен айналысқан азаматтардың барлығы жазаға тартылды.
2022 жылғы стаистка бойынша 9 адамға сот шешімі шыққан. Олардың 4-іне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 3 азамат айыппұл төледі. Тағы екеуіне қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Кәмілжан Исмайлов, Экономикалық тергеп тексеру департаментінің басқарма басшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript