Синоптиктер 6 ақпандағы Алматы, Астана және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын жариялады
![Ауа райы болжамы, Алматы, Астана, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2023 09:39](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-d2986df6-742a-4bde-904a-d7200cd39066/800x450.webp)
"Қазгидромет" РМК мамандары 6 ақпан, дүйсенбі күнгі Қазақстан Республикасының үш ірі қаласындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Астанада қар жауады деп болжанды. Ауа температурасы 5-7 градус аяз. Күндіз жел соғады, екпіні 3-8 м/с болады.
Алматы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Күндіз 4-6 градус жылы. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.
Шымкентте синоптиктер көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды деп болжады. Күндіз ауа температурасы 6-8 градусқа дейін жылынады. Қалада желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript