Сирияда зардап шеккендерге көмек жеткізу қиындады

Сирияға әлеуметтік көмек жеткізу қиындап тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 17:49 Сурет: Zakon.kz
Сириядағы тозығы жеткен инфрақұрылым құтқару жұмыстарын қиындатып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға көмек жеткізу мүмкін болмай жатыр.

Әзірге жолдардың біреуі ашылды. Тағы екі өткізу пункті іске қосылады.

Ал, үйінді астында жатқандарды шығаруға ауыр техника жоқ. Апаттан 3 мыңдай адам қаза тапқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Ресми мәліметтерге сай, зілзала болған елдің солтүстік-батысындағы қалаларда 11 миллионға жуық адам тұрады.

Күннің суықтығынан тірі қалғандарды табу үміті азайып барады. Оның үстіне аяз күшейді. Ал үйсіз қалғандар далада түнеуге мәжбүр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: