Астаналықтар жіберген 4 тонна гуманитарлық көмек Түркияға жетті

гуманитарлық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2023 17:08 Cурет: Түркия Республикасының Астанадағы елшілігі
Астаналықтар жіберген 4 тонна гуманитарлық көмек Түркияға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астанадағы қамқор жандардың жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін елшілігімізге жеткізген 4 тонналық көмек материалдары Түрік әуе жолдары арқылы қайырымдылық қорларымызға жіберілді. Алғысымызды білдіреміз", - делінген елшілік таратқан хабарламада.

Cурет: Түркия Республикасының Астанадағы елшілігі

Сурет: Түркия Республикасының Астанадағы елшігі

Елшілік бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге шатыр, генератор, көрпе, жылытқыш, көрпе қаптар керек екенін хабарлаған еді. Көмек материалдарын тұрғындар елшілікке жеткізе алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: