Жаңалықтар тізбегі
0

Иракта ішімдікке тыйым салынды

Иракта ішімдік ішуге тыйым салынды Сурет: pexels
Иракта алкогольдік ішімдіктерге тыйым салу туралы 2016 жылы қабылданған заң күшіне енді. Оның неліктен кеш қолданыла бастағаны белгісіз.

Кейбір пікірлерге сай, жеті жыл бұрынғымен салыстырғанда, қазір ислам партияларының ықпалы артқан. Сондықтан, заң енді ғана әрекет ете бастады.

Құжатқа сәйкес, импорттық алкоголь өнімдеріне тыйым салынады, оларды жергілікті нарықта сатуға немесе отандық өніммен алмастыруға болмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Жаңа заңды халық жаппай қолдап отырған жоқ. Тіпті бірқатар тұрғындар осының салдарынан Иракта есірткіге әуестенушілер көбеюі мүмкін деп алаңдайды.

"Ирак – көп мәдениетті, еркін ел. Екінші жағынан, алкогольді сатуға және ішуге тыйым салу адамдарды балама әдістерді іздеуге мәжбүрлейтінін бәрі біледі, соның ішінде билік басындағылар да бұдан хабардар. Дәлірек айтсақ, адамдар қайтадан есірткіге немесе марихуанаға жүгінуі мүмкін. Бұл – осы заңның жағымсыз салдарлары." Әли Әс-Сахеб, Бағдад тұрғыны.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: