Қостанайда салмағы жеті келіге жуық қыз бала дүниеге келді

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 6700 грамм, бойы 69 см қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Акушер тәжірибесінде салмағы 4-5 келі нәресте "алып" болып саналады.
"6 келі және одан да көп салмақ сирек кездеседі. Мұндай салмақтағы бала Қостанайда туғанын ардагер акушерлер көрмеген", - дейді перинаталдық орталықта.
Мамандар ана жоспарға сай, кесарь тілігі арқылы босанғанын айтты. Жаңа туған нәресте екі күн реанимацияда жатты. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
"Бүгінде ана мен сәби өзін жақсы сезініп жатыр. Қызға Айару есімі берілді. Ол - отбасындағы үшінші бала", - делінген орталық хабарламасында.
2022 жылдың 21 қарашасында Атырауда облыстық перинаталдық орталықта салмағы 5700 гр, бойы 64 см ұл бала дүниеге келгені хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript