Әлиев "Астана" қаржы орталығының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды

Әлиев, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 22:10 Сурет: akorda.kz
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшылары АХҚО-дағы Халықаралық соттың жұмысымен танысты.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының тіркеушісі және аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт Орталық Азиядағы ағылшын құқығы нормалары мен қағидаттарына негізделген ең алғашқы сот жүйесі туралы баяндады.

Ол соттың АХҚО-дағы азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін ең үздік халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтінін жеткізді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Орталықтың Қаржылық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің, бизнесті дамыту жөніндегі тобының, "АХҚО-дағы венчурлық қаржыландыру және технологиялық инновацияларды дамыту туралы" Тех Хабының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар екі ел президенттеріне Экспат орталығының "АХҚО-да тіркелген компанияларды «бір терезе" қағидаты бойынша қолдау қызметі" туралы мәлімет берілді. "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров мемлекеттер басшыларына АХҚО-ның жұмысы туралы баяндады. Іс-шара соңында Әзербайжан Президенті "Астана" халықаралық қаржы орталығының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: