Жаңалықтар тізбегі
0

Астананың екі ауданына жаңа әкімдер тағайындалды

Астана, Сарыарқа ауданы, Нұра ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 10:27 Сурет: gov.kz
Астанада Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша екі ауданның әкімдері тағайындалды. Нұра ауданының әкімі қызметіне Жүсіп Жұмағұлов, ал Сарыарқа ауданының әкімі болып Бауыржан Ералы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүсіп Жұмағұлов – президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Ол еңбек жолын елорданың Инвестициялар және даму басқармасының маманы лауазымынан бастаған.

  • 2016 жылдан 2019 жылға дейін "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ басшысының орынбасары, елорданың Қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
  • 2020 жылдан бастап елорда әкімі аппараты басшысының орынбасары болып еңбек етті.
  • 2022 жылдың ақпан айынан бастап Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарды.

Бауыржан Ералы еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің инспекторы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары сарапшы, "Ахуалдық орталық" басқармасының бас сарапшысы, "Электрондық декларациялау орталығы" басқармасы басшысының орынбасары м.а. лауазымдарын атқарды.

2022 жылы "ҚР Қаржы министрлігі МКК бас диспетчерлік басқармасы" РММ басшысының орынбасары болып еңбек етті. Тағайындалғанға дейін елорда әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында аудан әкімдеріне аудандар мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: