Астанада тағы бір жол учаскесі уақытша жабылады
Сурет: Zakon.kz
Ақтасты көшесінде жөндеу жұмысы 22 сәуір күні жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Ақтасты көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын жүргізеді". Астана қаласы әкімдігі
Осыған байланысты 22 сәуірде сағат 11:00-ден 23:00-ге дейін Горький көшесінен Ақжар көшесіне дейінгі учаскесі толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Сондай-ақ 22-26 сәуір аралығында Астанада әл-Фараби - Қошқарбаев жол айрығында көлік қозғалысы шектеледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript