Алматыда есірткіге масайған мотоцикл жүргізуші ұсталды

Алматыда есірткілік мас күйде мотоцикл жүргізген азамат ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 17:33 Сурет: Zakon.kz
30 жастағы мотоцикл жүргізушісі мас күйінде ұсталып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

А.есімді азамат Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан. Құлжа тас жолының қиылысында оны патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының экипажы тоқтатты.

Құжаттарды тексергеннен кейін жүргізушінің көлікті техникалық байқаудан өткізбегені белгілі болды. Сонымен қатар ол алкоголь немесе есірткі пайдаланды деген күдікке ілікті. Сот-наркологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, А.есімді азамат есірткіге мас күйде болған.

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды. Оның материалдары сотқа жіберіледі, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: