Көпқабатты үйді бюджет есебінен қалай жөндеуге болады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы тұрғындары көпқабатты үйдің төбесін, қасбетін немесе лифтін жөндей алады. ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үйдегі пәтер иелерінен өтінім беру қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы әкімдігі таратқан ақпарат бойынша, сол арқылы тұрғындар күрделі жөндеу жүргізіп, шатырды, инженерлік және электр желілерін ауыстыруды, кіреберісті және т.б. жұмыстарды атқара алады.
Қаржы бюджеттен 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде қайтарымды негізде пайызсыз беріледі.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, 2011-2022 жылдары бағдарлама аясында 965 көпқабатты үй жөнделді. Биылғы кезекте100 көппәтерлі үй тұр.
"Бағдарламаға қатысу үшін жиналыста тұрғын үйді жөндеу туралы шешім қабылдайды. Одан кейін хаттама мен өтінімді бағдарлама операторы "Алматы Тұрғын үй" ЖШС жолдау керек", – делінген Алматы қаласының әкімдігі таратқан хабарламада.
Анықтама телефондары:
- "Алматы Тұрғын үй" ЖШС.: +7 (727) 390-22-09.
- "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ: +7 (727) 225- 14-31
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript