Жаңалықтар тізбегі
0

Бірнеше елде 200-ге жуық алаяқ ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 12:51 Сурет: pixabay
Еуропаның бірнеше елінде италиялық қылмыстық топтың 200-ге жуық мүшесі ұсталды. Олар – «Ндрангета» мафиясының мүшелері.

Алаяқтар Италия, Германия, Бельгия, Франция тәрізді бірқатар елде жүргізілген халықаралық операция барысында қолға түскен, деп жазады qazaqstan.tv.

Оларды ұстауға Германияның бір өзінде мыңнан аса полиция қызметкері қатысқан. Алаяқтар ақша жымқыру, есірткі тасымалдау, қару ұстау тәрізді істер бойынша айыпталып отыр.

Полицияның мәліметінше, «Ндрангета» мүшелері 2019-2022 жылдары Еуропада 25 тонна кокаин таратып, 22 млн доллардан астам ақша жымқырған.

Бір қызығы- қылмыстық топ мүшелерінің ізіне түсуге коронавирус пандемиясы кезінде мүмкіндік туды.

Бұрын-соңды мобильді байланысты қолданбаған олар карантин кезінде бір-бірімен хабарласу үшін ұялы телефонды қолдана бастаған. Бұл полицияға, қылмыскерлерді тез қолға түсіруге көмектесті.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: