Алматыдан ұшақ экипажының 4 мүшесі астан уланған
Сурет: gov.kz
Алматыдан ұшақ экипажының 4 мүшесі астан уланған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, «Алматы-Астана», «Астана-Алматы» және «Алматы-Семей» рейстерінде қызмет атқарған борт серіктер өздерін жайсыз сезініп, үшеуі ауруханаға түскен.
Біреуі үйінде емделуді жөн санапты. Қазір олардың жағдайы жақсы. Осы жайтқа қатысты тамақпен қамтамасыз ететін мекеменің цехында тексеріс жүргізілген, деп жазады qazaqstan.tv.
Санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталып, 1600 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық департамент өкілдері экипаж мүшелерінің нақты борттағы тамақтан уланғанына күмән келтіріп отыр.
"Барлық қажетті талдаулар жүргізілді. Талдаулар нәтижесі бойынша теріс нәтиже алынды. Олар қолданған тамақ өнімдерінің барлығынан ешқандай оң нәтиже шыққан жоқ. Осыған байланысты борттық тамақтан улануды осы аталған тамақтандырумен байланысты емес деген тұжырым шығардық." Ақмарал Рамазанқызы, ДСМ Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript