Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Ресейдегі парадқа және ағасы жерленген зиратқа барады

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2023 16:25 Сурет: Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100 және 101-атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді.

Ржев шайқасы Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген. Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады.

Бұл шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 8 мамырда "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандардың рухына тағзым етті.

Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен баратыны хабарланған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: