Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады

Түрікменстан, Тоқаев, жұмыс сапары, 8 қазан, 9 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2026 19:12 Сурет: Zakon.kz
8-9 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 7 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Сапар аясында президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр".

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: