Астанадағы екі даңғылда көлік қозғалысы бір айға жуық уақыт шектеледі

жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2023 12:07 Сурет: instagram.com/dorogi_transport_astana/
Астанада Мәнгілік Ел және әл-Фараби даңғылдарында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты 10 мамыр мен 4 маусым аралығында Триумфальная аркадан бастап Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі және Александр Пушкин көшесінен Алаш тас жолына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.

"Астана тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды".
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: