Экономикалық қылмыстар жасаған халықаралық іздестіруде жүрген қылмыстық ұйымның белсенді қатысушысы ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген адам қолға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 13:39 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Алматы қаласында жедел-іздестіру шаралары барысында халықаралық іздестіруде жүрген азамат ұсталды.

Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал жарты миллиардтан астам (514, 6 млн) теңгені құрады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы аталған азамат, теріс пиғылды кәсіпкерлерге жоқ қызметтер мен жұмыстар үшін жалған шот-фактуралар жазып берген.

Тергеу сотының санкциясымен ол күзетпен ұстауда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыс жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адамдарды іздестіруді жандандыру жұмыстары жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: