Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-қа дефолт қаупі төніп тұр

АҚШ-қа дефолт қаупі төніп тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2023 16:26 Сурет: pixabay
Джо Байденнің де саяси белсенділігі артып жатыр. Ақ үй басшысы осы аптада «АҚШ-та дефолт болса, бүкіл әлемге қиын болады» деп мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, дефолттан ел экономикасы рецессияға түсіп, Вашингтонның беделіне нұқсан келеді.

Байден осы дағдарысқа қарсыласы саналатын Республика партиясын айыптайтынын айтты. Ал сол партия мүшесі, экс-президент Дональд Трамп Конгресте отырған жақтастарын дефолт жасауға үндеді.Биыл қаңтарда АҚШ-тың мемлекеттік қарызы шегінен шығып, 31 трлн доллардан асты, деп жазады qazaqstan.tv.

Өткен айда республикашылардың қадағалауындағы Конгрестің төменгі палатасы мемлекеттік қарыз шегін тағы 1,5 трлн долларға көтеріп, бюджеттің шығындарын азайту туралы заң жобасын қабылдаған. Алайда демократтар басқарып отырған Сенат оны мақұлдамай қойды.

Егер республикашылар мен демократтар бір мәмілеге келе алмаса, 1 маусымда дефолт жариялануы мүмкін екенін Құрама штаттардың Қаржы министрі бірнеше рет ескертті.

"Белгілі бір президенттің мерзімі бітіп, саяси партиялардың ортасында бір бәсекелестік пайда болған кезде, біріне бірі даулы мәселені көтеру үшін соңғы 30-40 жылда пайдаланылып келе жатқан саяси әдіс-тәсілдердің бірі. Бұны соңғы кезде жүріп жатқан ақпараттардан бір экономикалық астар іздеп, әлемнің экономикасына бір зиян келеді екен-ау деп ойлайтындай емес. Әлем экономикасы Американың дефолтына қарағанда, Ресей-Украина соғысынан болып жатқан экономикалық кризистерден көбірек зардап шегуде." Думан Жекенов, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің деканы


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: