Жаңалықтар тізбегі
0

Орал қаласындағы "Атамекен" өнер ордасында халықаралық отбасы күніне арналған іскер әйелдер форумы өтті

Орал қаласындағы "Атамекен" өнер ордасында халықаралық отбасы күніне арналған іскер әйелдер форумы өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 12:38 Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Іс-шара шеңберінде іскер әйелдер өз өнімдерін көрмеге қойды.

Дәл осындай атаумен Орал қаласындағы "Атамекен" өнер ордасында халықаралық отбасы күніне арналған іскер әйелдер форумы өтті.

Форумға облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен ҚР Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева, белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева, ҚР Президентiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко және батыс өңірлерінің іскер әйелдер қауымдастығының төрайымдары, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері қатысты. Іс-шара шеңберінде іскер әйелдер өз өнімдерін көрмеге қойды.

Орал қаласындағы , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 12:38

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірде кәсіпкерлікке ден қойған әйелдердің қатары көбейіп келе жатқандығын атап өтті.

Мемлекеттің басты саясаты отбасы құндылығын, ана саулығы мен бала амандығын нығайтуға бағытталған. Бұл күн біз үшін ерекше мереке. Біздің елімізде соңғы кезде кәсіпкерлік кең көлемде дамып келеді. Соның ішінде әйелдердің бизнестегі санын көбейту бағытында да біраз жұмыс атқарылуда. Облыс бойынша бизнестегі қыз-келіншектердің саны 50 пайыздан асты. Облыстағы сән салондары мен тігін цехтарын айтпағанда, кейбір ірі кәсіпорындар мен жеке балабақшалардың жұмысын әйелдер жүргізіп отыр. Сіздер тазалық пен мейірімнің үлгісі болып қала бересіздер. Әр бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!, – өңір басшысы.
Орал қаласындағы , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 12:38

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Форумға қатысушылар қоғамдағы іскер әйелдердің мәртебесін көтеру және кең ауқымды өзекті мәселелерді шешу үшін әйелдер бастамаларының әлеуетін дамыту бойынша мәселелерді талқылады. Сондай-ақ,іскер ханымдардың жетістігін кейінгі жастарға үлгі ету, жас кәсіпкерлерге бағыт-бағдар берудің маңыздылығы да іскер ханымдардың назарынан тыс қалмады.

"Біз әйелдер не жасасақ та, жанымызбен беріліп жасаймыз. Отбасын құрамыз, оны сақтау, бала өсіру - біздің мойынымызда. Біз осы құндылықтармен бірге бизнесті де алып жүрміз. Біздің әйелдер тек өздерін ғана жұмыспен қамтымай, жаңа жұмыс орындарын ашып, айналасына көмек қолын созып, салық төлеп мемлекетке де пайда тигізіп отыр. Әрине ер адам қашан да биік тұрады. Бірақ қолда барды сақтап қалу, әдемі болу тек әйелдің ғана қолынан келеді" деді ҚР Іскер әйелдер қауымдастығының Президенті Раушан Сәрсембаева.
Орал қаласындағы , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 12:38

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Форумға жиналған іскер әйелдер ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында өңірдегі белсенді кәсіпкер әйелдер облыс әкімінің және ҚР Іскер әйелдер қауымдастығының президентінің алғыс хаттарымен марапатталды


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: